Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы

2021 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті.

Оның жұмысына ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаев, өңірлердің әкімдері – Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың ҚХА төрағалары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және т. б. барлығы 550-ден астам адам қатысты.

Қостанай облысынан 21 адамнан тұратын ҚХА мүшелері бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты.

Сессия барысында Елбасы Ассамблеяның алдына Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту жөнінде нақты міндеттер қойды.

Сонымен қатар, мемлекеттік саясат пен ұлттың жаңа біртектілігі тұжырымдамасы іске асырылатын қағидаттарын атап өтті. Жаһандану жағдайында «жауапты мемлекет - жауапты қоғам - жауапты адам» тезисі басты идеяға айналады. Өзара ынтымақтастық пен ауызбіршіліктің мұндай көріністері біздің бірлігіміздің түп-тамырын нығайтуға көмектеседі және жаңаша үлкен жетістіктеріміз үшін негіз болады.

Сессия соңында Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару құқығын Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа бере отырып, Елбасы бұл шешім Ассамблея қызметінің мүдделеріне қызмет ететінін және біздің Президентімізге азаматтарымыздың, қоғамымыздың және мемлекетіміздің болашағына арналған барлық ағымдағы жұмыстар мен жоспарларды біріздендіруге көмектесетінін атап өтті.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік пен бірлікті нығайта отырып, Отанымыз-Қазақстан Республикасының табысы мен өркендеуіне қол жеткізетінімізге нық сенім білдірді!

Өз кезегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы» мәртебесін беруді ұсынды.