«Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің 2021 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің қорытындылары туралы»

«Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің 2021 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің қорытындылары туралы»

«Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің 2021 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің қорытындылары туралы»

 

13 сәуірде Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы М. А. Ерқановтың қатысуымен брифинг өтті.

2021 жылдың 1 тоқсанында біздің департаментке Қостанай облысының тұтынушыларынан 141 өтініш келіп түсті, олардың ішінде 37 жазбаша өтініш, Telegram-ботқа (@kzpp_bot) 19 өтініш келіп түсті, 37 адам жеке қабылдауға келді, жедел желі телефондарына 46 адам жүгінді, сондай-ақ жаңа "Е-тұтынушы" БАЖ арқылы біздің облыстың 2 тұтынушысы өтініш жіберді.

Жалпы алғанда 2021 жылдың 1 тоқсанында өтініштерді қарау нәтижелері бойынша тұтынушыларға ақшалай қаражатты 4,9 миллион теңге мөлшерінде қайтаруға жәрдем көрсетілді.

Бүгінгі күні орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тұтынушылардың шағымдары бойынша 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.Нәтижелер бойынша ҚР ӘҚБК 190-бабының 5-бөлігіне сәйкес ескерту түрінде әкімшілік жазалар шығарылды. Сонымен қатар, шағымды қайтарып алуға байланысты 1 тексеру тоқтатылды.

Құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын сатушыға (дайындаушыға, Орындаушыға) немесе тұтыну дауын сотқа дейін реттеу субъектісіне, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.