«Қостанай облысында инвестициялық жобаларды іске асыру»

«Қостанай облысында инвестициялық жобаларды іске асыру»

«Қостанай облысында инвестициялық жобаларды іске асыру»

 

9 сәуірде Қостанай облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ басшысы Олжас Сапарбековтың қатысуымен брифинг өтті.

Инвестициялық жобаларды іске қосу облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Жаңа жобаларды іске асыру жұмысында "қарапайым заттар экономикасы", "Бизнестің жол картасы 2025"сияқты бағдарламалар арқылы іске асырылатын мемлекеттік қолдау шаралары маңызды орын алады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 10 жылдан астам (2010 жылдан бастап) іске асырылып келе жатқан индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы өңдеу өнеркәсібін дамытудың және инвестициялық жобаларды іске қосудың аса маңызды факторы болып табылады.

Биыл Индустрияландыру бағдарламасы аясында машина жасау, АӨК, жаңартылатын энергия көздері және қалдықтарды өңдеу саласында 47 млрд.теңгеден астам сомаға 6 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, облыс орталығында ағымдағы жылы "BEEF EXPORT GROUP" ЖШС қуаттылығы жылына 20 мың тонна ет өндіретін ет өңдеу зауытын салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба "қарапайым заттар экономикасы"бағдарламасы аясында да жүзеге асырылуда.