Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 22 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 67 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,5 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қаласының 33тұрғыны, Рудный қ. - 8, 7 – Қостанай ауданының, 5 – Федоров ауданының, Меңдіқара және Қарасу аудандарында 4 –тен, 3 –Жітіқара ауданы, 2 – Денисов ауданы, 1 –Б.Майлин ат. ауданында.

54 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 12 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай  стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 55 адамда ауру белгілері болды, 12 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 22 ақпан аралығында COVID-19-дың  11985 жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 10426.