Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің халыққа қорытынды есеп беру кездесуі өтеді

Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің халыққа қорытынды есеп беру кездесуі өтеді

Хабарландыру

2021 жылғы 17 ақпанда сағат 15.00-де Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66 мекенжайы бойынша орналасқан Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратында онлайн режимінде Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің халыққа қорытынды есеп беру кездесуі өтеді.

Есеп беру кездесуінің онлайн көрсетілімі Instagram, YouTube әлеуметтік желілерінде, Қостанай облысы әкімінің ресми интернет-ресурсында және «Алау» телеарнасында өткізілетін болады.

Есеп беру кездесуі өтетін күні сұрақтар мен ұсыныстарды ZOOM сервисі (қатысу үшін сілтеме Қостанай облысы әкімінің ресми интернет-ресурсында орналасқан) және онлайн трансляция кезінде нөмірлері көрсетілетін колл-орталық арқылы қоюға болады.

Сонымен қатар, есеп беру кездесуіне дайындық шеңберінде

облыс әкімінің блогына – blogs.egov.kz, облыс әкімінің Instagram-дағы жеке аккаунтына, 8 (7142) 575-057 телефоны және 917 нөмірі арқылы смс-орталығында облыс тұрғындарынан сұрақтар қабылдау жүзеге асырылып жатыр. Сұрақтар мен ұсыныстар ағымдағы жылдың 10 ақпанына дейін қабылданатын болады. Сондай-ақ оларды «есеп беру кездесуіне» деген белгімен жазбаша түрде мына мекенжайға жіберуге болады: 110001, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.