Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат 23 караша

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат  	23 караша

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 23 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 70 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,5% құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 38 адам, Рудный қ. – 15, Арқалық қ. – 4, Жітіқара ауданында – 4, Қостанай ауданында – 4, Лисаковск қ. – 2, Меңдіқара ауданында – 2, Қарасу ауданында – 1.
48 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 17 адам эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (коронавирустық инфекция расталған жағдаймен байланыста болу) анықталды, 3 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 2 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 45 адамда ауру белгілері болды, 25 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 23 қараша аралығында COVID-19-дың 4847 жағдайы тіркелді, 3732 адам емделіп шықты.