
Азаматтық қоғамның дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға қосып жүрген үлестеріңіз аса маңызды. Сіздер қоғам мен билік арасындағы сенімді көпірге айналып, өзекті мәселелерді көтеріп, нақты бастамаларды жүзеге асырып келесіздер.
Үкіметтік емес ұйымдар – әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын нығайтудың маңызды тетігі. Сіздердің белсенділіктеріңіз бен кәсібиліктеріңіз қоғамдағы сенімді арттырып, оң өзгерістерге бастайды.
Сіздерге зор денсаулық, табысты жобалар, жаңа мүмкіндіктер мен серіктестіктер тілейміз. Әр бастамаңыз ел игілігіне қызмет етіп, жемісті нәтижесін берсін!
Құрметпен,
Облыстық ҮЕҰ ресурстық орталығының ұжымы