Қазақстан Республикасының Ұлттық баспасөз күнімен!

Қазақстан Республикасының Ұлттық баспасөз күнімен!

Бүгін, 2 ақпанда, Қазақстанда Ұлттық баспасөз күні аталып өтілуде. Бұл күн қазақ журналистикасының тарихында ерекше орын алатын «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрген күнмен байланысты. Сол кезден бастап баспасөз құралдары ел өмірінде маңызды рөл атқарып, қоғамдағы ақпарат ағынын қамтамасыз ететін негізгі институтқа айналды.

Баспасөз құралдары қоғамды ақпараттандыруға, объективті қоғамдық пікір қалыптастыруға және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға үлкен үлес қосады.

Журналистердің кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі мен шығармашылық еңбегі әрбір оқырманға сенімді және өзекті ақпарат жеткізуді қамтамасыз етеді.

Осы орайда, баспа БАҚ редакцияларының кәсіби қызметі, қоғамға қосқан үлесі және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық үдерістерді ақпараттық сүйемелдеуге қосқан еңбегі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Алдағы қызметтеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер және тұрақты дамуды тілейміз.