«Қостанай облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру туралы»

«Қостанай облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру туралы»

Бүгін Қостанай облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қостанай облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина мен Қостанай облысы білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменованың қатысуымен брифинг өтті.

2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру басталды. Жобаның басты мақсаты ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізу болып табылады.

2019 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 5 тірек ауыл – аудан орталықтарында (Әулиекөл, Боровское, Қарасу, Сарыкөл және Федоров ауылдары) 2,2 млрд.теңге сомасына 46 жоба (үнемдеу есебінен қосымша 26)іске асырылды. Білім беру саласында 3 мектепке, балабақшаға және мектеп жанындағы интернатқа күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ балабақшалар мен мектептен тыс ұйымдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді.

2020 жылға жоба шеңберінде облыстың 10 тірек және 3 серіктік ауылында(Силантьевка а., Обаған а., Денисовка а., Антоновка а., Қамысты а., Торғай а., Амангелді а., Тобыл а., Қарамеңді а., Первомай а., с.) 63 жобаны іске асыруға 5 млрд. 772,3 млн. теңге (оның ішінде РБ – дан-5159,3 млн. теңге) көзделген. Октябрьское, Шеминовка, Ұзынкөл ауылдары). Жобаны іске асыру кезінде неғұрлым елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін 2020 жылдан бастап шығыстарды қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар тізбесінен объектілерді ағымдағы жөндеу алып тасталды.

Бүгінгі күні 48 жоба (65%) аяқталды, 9 жоба бойынша іске қосу актілеріне қол қою процесі жүріп жатыр, қалғандарына жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылға ауысатын екі жобадан басқа, Ұзынкөл және Торғай ауылдарында Фокс салу бойынша жобаларды желтоқсанға дейін аяқтау жоспарлануда. 1 қарашаға 4 млрд.151 млн. теңге (есепті кезеңге арналған жоспардан 100%) немесе жылдық жоспардан 80,5% игерілетін болады. Объектілерде жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде, игерілмеу тәуекелі жыл соңына дейін жоқ.