Өңіріміздің православие дінін ұстанатын азаматтарын Рождество Христово мерекесімен құттықтаймыз!

Өңіріміздің православие дінін ұстанатын азаматтарын Рождество Христово мерекесімен құттықтаймыз!

Бұл ұлы мереке ғасырлар бойы қалыптасқан ізгілік, мейірімділік, сүйіспеншілік пен жақынға қамқорлық жасау дәстүрлерін дәріптейді. Ол адамдардың жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, сенімді нығайтып, игі әрі жасампаз істерге шабыттандырады.
Рождество Христово - отбасылық дәстүрлерді сақтауға, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға ықпал ететін мәңгілік рухани құндылықтардың мерекесі. Бұл құндылықтар түрлі дін өкілдері мен этностар өзара құрмет пен достық жағдайында тату-тәтті өмір сүріп жатқан мемлекетіміз үшін айрықша маңызға ие.
Рождество нұры әрбір шаңыраққа бейбітшілік пен береке, жан жылуын, мықты денсаулық пен болашаққа деген сенім әкелсін. Сіздерге бақыт, үйлесім, татулық және барлық игі бастамаларыңызға табыс тілейміз!