
2025 жылғы 24 қарашада Қостанайда жұмысшы мамандықтар жылына орай «Ел тірегі – еңбек адамы» республикалық патриоттық форумы өтті
Мақсаты — еңбек адамының мәртебесін көтеру, жұмысшы мамандықтарды насихаттау, техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамыту, жастар арасында патриоттық құндылықтарды нығайту.
Форум аясында Қостанай автомобиль көлігі колледжінде «Кәсіпке бағыт – болашаққа жол: техникалық және кәсіптік білімнің рөлі» атты семинар өтті.
Сонымен қатар, Алаш арысы – Міржақып Дулатұлының ескерткішіне барып, тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды, Қостанайдағы KIA және "KamLitKZ" автозаводтарына барып, өндіріс барысымен танысты.
Форумға арнайы қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Хайроллаұлы Құспеков қатысып, сөз сөйледі.
Сондай-ақ, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан жас мамандар мен тәжірибелі оқытушылар қатысты.
Форум, еңбек, кәсіби шеберлік және патриоттық құндылықтарды насихаттай отырып, жастарды болашаққа дайындайтын алаңға айналды.