«Мемлекеттік тілге жеті қадам» облыстық форумы өтті.

«Мемлекеттік тілге жеті қадам» облыстық форумы өтті.

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді оқыту мен медиа сауаттылықты арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында түрлі этнос өкілдеріне арналған «Мемлекеттік тілге жеті қадам» облыстық форумы өтті.
Форумға облыс әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов, облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктері мен консультативті-кеңесші орган өкілдері, зиялы қауым, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.
Жоба мақсаты – мемлекеттік тілді қолдау, өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, талпынысы бар жастарға қолдау көрсету. Биыл 106 бала қатысып, оның 75-і финалға өтті. 7 номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, басқа да қатысушыларға демеушілер дайындаған сыйлықтар табысталды.
Форум аясында ҚР Президенті жанындағы өңірлік комуникациялар қызметінің бас сарапшысы Марина Сахарова қатысушыларға мемлекеттік тілді үйрену бойынша өз тәжіриесімен бөлісіп, шеберлік сағатын өткізді. Іс-шараға облыстың барлық өңірлерінен келген оқушылар «мемлекеттік тілді үйрену әр азаматтың парызы және тілді білу арқылы білім көкжиегінің кеңейе түсетінін, мұндай жобалар оларға тілді меңгеруге шабыт беріп, болашаққа жол ашатынын» атап өтті.