Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында іске асырылған әлеуметтік жобалардың нәтижелерін бағалау жөніндегі Сараптамалық кеңес мүшелеріне үміткерлерді қабылдайды.

Сараптамалық кеңестің негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған жобалардың сапасын тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ету.

Сараптамалық кеңестің құрамына үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органның өкілдері, қоғам қайраткерлері, әлеуметтік салада тәжірибесі мен білімі бар ғалымдар және мамандар шақырылады.

Үміткерлерге келесі талаптар қойылады:

Жоғары білім;

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар мен сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген бір немесе бірнеше сала бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі;

Әлеуметтік жобаларды бағалау саласында кемінде екі жыл практикалық тәжірибенің болуы;

Сараптама кеңесінің өкілеттік мерзімі - үш күнтізбелік жыл. Сарапшылардың жұмысы қоғамдық негізде жүзеге асырылады.

Қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Сарапшының біліктілігін растайтын диплом, сертификаттардың көшірмесі;

Жұмыс беруші қол қойған және мөрмен расталған кандидаттың еңбек өтілін растайтын түйіндеме.

Құжаттар 2025 жылғы 23 қарашаға дейін politika@kostanay.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады:

Анықтама телефоны: 8 7142 575193