
Бүгін Қостанайда Қостанай облыстық корей этномәдени бірлестігінің 35 жылдығын атап өту аясында дөңгелек үстел өтті. Оған Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығының делегациясы, облыстық корей этномәдени бірлестігінің өкілдері мен белсенділері, сондай-ақ өзге этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Кездесуге сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының басшысы Әлия Бекмағамбетова да қатысты.
Кездесуде қауымдастықтың бай тарихы, корейлердің өңірдің дамуына қосқан үлесі, жастармен жүргізілген жұмыс пен осы жылдардағы жетістіктер жайлы мазмұнды баяндамалар жасалды. Іс-шараның соңында Қазақстан корей қауымдастығы тарапынан Қостанай облыстық корей этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелеріне марапаттар табысталды.