✨ ҚХА-ға – 30 жыл: Қостанайда 7 этномәдени бірлестік мерейтойын атап өтті✨

✨ ҚХА-ға – 30 жыл: Қостанайда 7 этномәдени бірлестік мерейтойын атап өтті✨

Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және облыстың жеті этномәдени бірлестігінің мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Биыл корей этномәдени бірлестігі 35 жылдығын, шешен-ингуш «Вайнах», татар-башқұрт «Дуслык» және әзербайжан «Бирлик» бірлестіктері 30 жылдығын атап өтті. Қостанайдағы сібір казактарының орыс қауымдастығы 20 жылдық мерейтойын тойласа, қырғыздың «Асаба» және түріктің «Ахыска» бірлестіктері 15 жылдығын қарсы алды.

Конференцияның арнайы қонақтары ретінде Астанадан шақырылған спикерлер – Наталья Калашникова, Равиль Валеев және Зекерия Нахметов сөз сөйледі. Сондай-ақ қостанайлық спикерлер – Олег Шилов, Алибек Табулденов, Мария Хан және Алия Назарова мазмұнды баяндамалар жасады.

Шара барысында «ҚХА-ға – 30 жыл» мерейтойлық медальдары мен алғыс хаттар табысталды. Мерейтой еліміздегі бірлік пен достықтың жарқын көрінісіне айналды.