Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Қостанай қаласында республикалық «Жазғы кубок – 2025» жайдарман фестивалі өтті.
Шара «Заң және тәртіп» тақырыбында ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерлі де, креативті жайдарманшылар бас қосты. Жалпы жүлде қоры 650 000 теңгені құрады. Сайысқа қатысқан құрамалар:
«Шекер» және «Тұмар» (Астана қаласы);
«Жеті қазына» және «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» (Рудный қаласы);
«Қайрат чемпион» (Арқалық қаласы);
«Позитив» және «QA» (Қостанай қаласы).
Фестивальге құрметті қонақтар, құқық қорғау органдарының өкілдері мен өңірдегі жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Шара шығармашылық, әзіл мен азаматтық жауапкершілікке толы жылы атмосферада өтті.
Жеңімпаздарды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберович марапаттап, жастардың мәдени дамуына қосқан үлесі мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс білдірді.
Фестиваль нәтижелері:
🥇 1 орын – «Тұмар» (Астана)
🏆 Жүлде: 300 000 теңге және Кубок
🥈 2 орын – «Позитив» (Қостанай)
💰 Жүлде: 200 000 теңге
🥉 3 орын – «QA» (Қостанай)
💰 Жүлде: 100 000 теңге
🎖 Арнайы жүлде – «Қайрат чемпион» (Арқалық)
💰 Жүлде: 50 000 теңге
«Жазғы кубок – 2025» фестивалі жастар арасында құқықтық білімді насихаттайтын, заңға құрметпен қарауды қалыптастыратын және азаматтық жауапкершілікті арттыратын маңызды мәдени алаңға айналды.