Қоғамдық даму басқармасымен Қостанай облысының тұрғындары арасында әділ мемлекеттің сындарлы құндылықтарын қалыптастыру және нығайту (бірлікте және заң бойынша өмір сүру), патриоттық тәрбие беру, ҚР Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, мемлекеттік тілде сөйлеуге ұмтылу, азаматтардың салт-дәстүрлерге деген қызығушылығы мен құрметін сақтау үшін ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттау мақсатында «Бір Отан. Бір тағдыр. Бір болашақ.» жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында, Қостанай облысының шекаралық аудандары: Жітіқара ауданы, Пригородный ауылы, Денисов ауданы, Жалтыркөл ауылы және Бейімбет Майлин ауданы, Нововильинов ауылдарында идеологиялық-танымдық жиындар өтті.
Жиын барысында ауыл тұрғындарына ҚР Мемлекеттік рәміздеріне құрмет флэшмобы ұйымдастырылып, ақпараттық-танымды брошюралар мен ҚР жалаушалары таратылып, ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды.
«Адал азамат» тақырыбында «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы - Рамазанова Наталья Сергеевна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты - Шалғымбеков Айбек Батырханович сынды спикерлер дәріс оқыды.
Сонымен қатар, мемлекеттік тіл мен салт-дәстүрді білу бойынша ауыл тұрғындары арасында викторина өткізіліп, белсенді қатысқандары сыйлыққа ие болды. Ұлттық фольклор дәріптеліп, «Сыңсу», «Сырға салу» және «Бесікке салу» дәстүрлерінің театрланған қойылымы көрсетілді. Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, дәстүрлі әнші - Манапбек Кәдіров, «Ақжелең» фольклорлық ансамблінің жетекшісі, домбырашы - Есжанов Ыбырай, жетігенші - Төлеген Алтынай Рүстемқызы және т.б. өнерпаздардың орындауындағы ұлттық аспап әуендері мен халық әндері орындалды.
Кеш соңында Қазақстандық «Анаға апарар жол», «Хиуаз Доспанова», «Рақымжан Қошқарбаев» деректі фильмдері көрсетілді.
Жоба аясында тамыз, қыркүйек айларында Қарабалық, Федоров, Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарына сапар жоспарланған.