📍 Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік рәміздер және ведомстволық наградалар жөніндегі республикалық комиссия өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
🎯 Семинар мақсаты – мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау бойынша мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және рәміздерге қатысты стандарттарды сақтау.
👥 Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың 50-ден астам өкілі қатысты.
🔹 Спикерлер қатарында:
– Жандарбек Мәлібекұлы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, сәулетші, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры,, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері
– Аргенова Гүлдана Мәлікқызы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы
– Шодорова Нүргүл Жағыпарқызы – ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысы
– Тынымбаев Жандос Серікұлы – Мемлекеттік рәміздер стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қостанай облысындағы мемлекеттік рәміздер өнімдерін өндіруші кәсіпорынның жетекшісі
📌 Мемлекеттік рәміздер – әр азаматтың жүрегінде. Оларды қадірлеу – ортақ міндетіміз!
#Қостанай #МемлекеттікРәміздер #РәмізҚадірі #ПатриоттықТәрбие #Қазақстан