Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті: күн тәртібінде — өңірлердің есептері, заң талаптары және өңірлік рәміздер мәселесі.

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті: күн тәртібінде — өңірлердің есептері, заң талаптары және өңірлік рәміздер мәселесі.

2025 жылғы 20 мамырда облыс әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлының төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті.
Жиын барысында Амангелді, Қарасу аудандары мен Рудный қаласы әкімдерінің есептері тыңдалды. Олар Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау бойынша өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен қатар, Қостанай облысының полиция департаментінің өкілі «Мемлекеттік рәміздер туралы» заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қолдану тәжірибесіне тоқталып өтті.
Отырыс соңында қоғамдық даму және білім басқармаларының басшылары ағымдағы жылы Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған жоспарлы іс-шаралар туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, өңірлік нышанды өзгерту мәселесі де талқыланды. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті және мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңның 27-бабына сәйкес 2024 жылғы 30 қазанда мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен «Өңірлік рәміздер жобасын әзірлеу қағидалары» бекітілген болатын. Бұл ережелер аймақтық рәміздерді бекіту процедурасын реттейді. Аталған өзгерістерге сәйкес, қазіргі таңда Қостанай облысының өңірлік нышанын қайта қарау мәселесі туындады.
Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берілд