Меню

Страницы

Статья

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

«Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын интернет-ресурстар арасында облыстық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімі бар конвертер Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 505-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ 2025 жылғы 5 наурыз, сағат 17.00-ға дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 6-қабат, мәжіліс залы  мекенжайы бойынша 2025 жылғы 6 наурыз, сағат 12.00-де ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (болған жағдайда) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: (субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және « (тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.

Тақырыптық сызықтар Қостанай облысы

 

Дата публикации
19 февраля 2025
Дата обновления
19 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
18 апреля 2025
«Бұрынғы батырлар туралы» зияткерлік ойыны
Ақпарат
18 апреля 2025
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Ақпарат
20 февраля 2025
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Социальные медиа

VK
Facebook
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы