Меню
Страницы
Контакты
Пресс-центр
Документы
Деятельность
Аппарат акима
gov@nitec.kz

«Біздің әліпбиіміздің жаңғыру тарихы мен маңыздылығы»

«Біздің әліпбиіміздің жаңғыру тарихы мен маңыздылығы»

 

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру керектігін айтқан болатын. «Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», – деді Н.Назарбаев. Тарихқа үңілер болсақ, 1924 жылы қабылданған қаулы негізінде ұлт тарихында бірнеше ғасыр бойы үздіксіз қолданылған араб әліпбиінің маңыздылығы төмендеп, 1930-40 жылдары ұлт зиялылары Ахмет Байтұрсынұлы мен Нәзір Төреқұл латын әліпбиіне көшу қажеттілігінің туындағанын дәлелдеп берген. Алаш зиялылары құрастырған латын әліпбиімен қайтадан қауышу – заманның талабы сияқты көрінген болатын. Алаш арыстарының бұл идеясы тарихымызда бірнеше жылдар ғана орын алып, кейін орыс кирилицасына ауысқан. Тәуелсіздікке қолжеткізген күннен бұл мәселе қайта жаңғыртылды. Латын әліпбиіне көшу жайлы алғашқы пікірді академик  Әбдуәли Қайдар қозғады. Тілші ғалымның 1993 жылдың 24 қазанындағы «Ана тілі» газетінде жарияланған «Латын әліпбиінің болашағы зор» атты мақаласынан бастау алды. Ғалым XX ғасыр басындағы латын (қазақ) жазуының жедел түрде орыс графикасына көшуінің мынадай себебін келтірді: «Түркия елінің ғалымы, профессор Тимур Қожаоғлу «Жаңа түсінік» газетіне (09.08.1991) былай деп жазады: «Совет үкіметі 1927 жылы КСРО-дағы бүкіл түркі халықтары қолданып келген араб жазуын латын алфавитімен ауыстырды. Бірақ Түркияда да 1928 ж. латын алфавиті түрік жазуы болып қабылданғандықтан совет басшылары Анатолия түріктері мен Совет Одағындағы түркітілдес халықтардың мәдени байланысының арта түсуінен қауіптеніп, 1939-1940 жж. кейін оларға міндетті түрде кирилл алфавитінің бір-бірінен парқы бар алты түрін қабылдатқызды». Сол себепті ғалым ендігі кезекте әліпби ауыстыру саясатын қолға алып, «ұлтаралық, халықаралық, жалпы дүниежүзілік таралу деңгейі жоғары», әрі «тілдік фактілерді» дәл таңбалаудың үлгісі ретінде ресми түрде халықаралық фонетикалық транскрипция болып қабылданған латын жазуы болу керектігін пайымдайды. Әліпбиді қайта жаңғырту идеясы академик Әбдуәли Қайдардың және Елбасы бастамасы негізінде ғалымдар мен тілші қауым тарапынан қызу пікір-таластың, идеялардың түрткісі болды. Бұл тақырыпта мерзімді баспасөз беттерінде көптеген мақалалар жарық көрді. Қоғам назарын жақындастырған көзқарастар қатарындағы негізгі дәйектемелер: халықаралық аренаға шығу,  ғылым мен техника тілін меңгеру, жаңа ғасыр технологияларымен жақындасу, өркениеттер тоғысына әдебиет, өнер, мәдениетті жақындастыру, жастардың шет тілін меңгеруге қолайлылығын тудыру ойлары болды. Елбасы ҚХА сессиясында: «Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы советтік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Ал, біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ», – деген болатын.

Белгілі ғалым, түркітанушы Әбуақап Қара: «Латын әліпбиін жасауда біршама қателіктер орын алып жатыр. Қазақ тілі – таза тіл. Қазақстанның қай аймағы болсын, халық бірін-бірі жақсы түсінеді. Ендігі мәселе – латын қарпіне өту үшін әліпбиді «ұ», «ү», «у» секілді әріптердің сақталуына, жазылуына, айтылуына мән беріп жасау керек», – деп түркі әлеміндегі әліпби мәселесіне тоқталған. Жоғарыда сөз еткен Елбасының тапсырмасы мен латын әліпбиіне көшудің қаншалықты маңыздылығына қарамастан, бұл мәселе бүгінгі күнге дейін тек талқылаудан, ұсыныс айтудан әріге бара алмай отырған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған қазақ тілін біртіндеп латынға көшіру көзқарасы енді қайтадан түлене түсті. Елбасы осы мақаласында қазақ жазуының тарихына тоқтала келіп, 2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін сөз етті.

Қиындықтар мен түсініспеушіліктер болмайды емес – болады. Бірақ әлем елдерімен рухани күші біріккен, түркі әлемін өркендету үшін қараптан-қарап отыруға болмайды. Ұлттық тілі жоғары деңгейдегі жапон елі де ғылыми жұмыстар және байланыс құралдарын пайдалануға ыңғайлы болуы үшін латын жазуын екінші тіл ретінде қолданады. Ендеше Елбасы қолдаған латын графикасының жобасын бәрімізде еншімізге жаза отырып, «мегажоба» ретінде ұлттық деңгейге көтеру қажет. Латын қарпіне негіделген әліпбиді қолданысқа енгізбес бұрын, оның тарихи маңыздылығын жете түсіну және түсіндіре білу білікті мамандардың басты ісіне айналуы тиіс.

 Сәлмен Г.С.

Дата публикации
14 сентября 2020
Направления деятельности
Культура
Популярные новости
совещание с руководителями государственных учреждений и предприятий района с участием Департамента агенства по противодействию коррупции по Костанайской области 27 января 2020 года
совещание с руководителями государственных учреждений и предприятий района с участием Департамента агенства по противодействию коррупции по Костанайской области 27 января 2020 года
Социальные медиа
Facebooc; Аппарата акима Федоровского района
Instagram;Аппарата акима Федоровского района
Меню подвал
Сайт Президента РК
Цели устойчивого развития
Открытое Правительство
Законодательство
Государственные символы РК
Послания Президента РК
Сайт Парламента РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Премьер-Министра РК
Структура Правительства РК