10 қыркүйек Отбасы күніне орай Лесной ауылдық кітапханасында «Отбасы - бақыт аясы» кездесуі өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстанда Отбасы күнін қашан тойлай бастағаны, әр отбасында қандай дәстүрлер сақталатыны туралы айтылып, жұмбақтар, мақал-мәтелдер сондай-ақ викторинаға қатысты. Іс-шараға отбасылық тәрбиеге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.