Күтпеген нәтиже

Күтпеген нәтиже

Күтпеген нәтиже

      Оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында 1-30 сәуір аралығында жас экологтар, өлкетанушылар мен натуралистердің "Табиғатты аяла", жас экологтар, өлкетанушылар, натуралистер – мектеп орманшылықтарының мүшелері, жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының экологиялық патрульдері арасында Республикалық сырттай байқаудың облыстық кезеңі өтті.

      Байқауға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 6 номинация бойынша 65 жұмыс ұсынылды. Конкурстық материалды білікті қазылар алқасы бағалады, оның құрамына біздің облыстың жетекші жоғары оқу орындары кафедрасының оқытушылары кірді.

    "Балалар шығармашылық үйі" КММ тәрбиеленушілері осы байқауға белсенді қатысты.

     Қазылар алқасының шешімі бойынша "Туған өлке тарихы" номинациясы бойынша 2 орын – Никоненко Кристина, қосымша білім беру педагогы Перепада Станислав Николаевич.

     Кристинаның Қостанай облысының құрама командасына және жеңімпаздардың қатарына кіріп, біздің ауданымыз бен облысты республикалық байқауда көрсететіні күтпеген жағдай болды. Ол Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталады. Байқау жеңімпазын дайындаған педагог  қатысушыны сапалы дайындағаны үшін білім басқармасының грамотасымен марапатталады. Оларға шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!

Автор – Батырбаева Назым – "Балалар шығармашылық үйі" КММ директоры.