«Латын әліпбиі – қазақ тілінің болашағы»

«Латын әліпбиі – қазақ тілінің болашағы»

Қазақстанның латын әліпбиіне біртіндеп көшетіні туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Комсомольская правда» газетінің ресейлік журналисіне берген сұхбатында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл үдерісті еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасы аясында қолға алғанын айтты.

Президенттің сөзінен: «Латын қарпіне көшу тек қазақ тіліне ғана әсер етеді, бұл орыс тілінің жағдайына әсер етпейді». Расында да, бұл қазақ тілінің тағдырына әсер етіп, жаңаша серпіліс беретін, әдебиетіміздің өрлеуіне жол ашатын даңғыл жол іспетті.

Жаңа жол... Жаңа бастама... Жаңа болашақ... Бұл біздің болашаққа деген үлкен бағдарымыз. Енді ғана көкжиектен күн күліп, нұрын айналаға төге бастағанда оны кеп бұлт жабуына жол бермеуіміз керек. Сол секілді латын бастамасына да өз көлеңкесін түсіретіндер жетіп-артылады. Біз бұл қадамды тарих беттерінде жасап жатырмыз, әрі бұл алғашқысы да соңғысы да емес. «Көш жүре келе түзеледі»,-демекші, балаларымызға, достарымызға, жақындарымызға қазірден бастап, латынша жазуды үйретуіміз керек. Бұл бір бір ғана ұйымның, бір ғана адамның қолынан келетін іс емес, біз бұған ұлт болып білек сыбана кірісуіміз қажет.  Елбасымыз айтқандай, біз тілге қатысты құндылықтарымызды бір арнаға тоғыстырып қана, тіліміздің одан әрі дамуына үлесімізді қоса аламыз.

А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүнісбек жаңа нұсқаның түрік әліпбиіне ұқсауын құптады: «28 қантарда ұсынылған әліпбидің 95% дұрыс. Сондай нұсқаны 90 жылдардын басында академик Әбдуали Қайдар ұсынған. Жаңа нұсқаның түрік әліпбиіне ұқсауы артықшылық. Біздің тіліміз жақын, дыбыстарымыз бір. Әліпби түріктермен бірігудің амалы емес. Кейбіреулер түрік әліпбиін көшірдік деседі. Десе де, біздің ғалымдар әліпби түркі тілді халықтарға ортақ екенін алға тартады.

«Федоров ауданы әкімдігінің

тілдерді оқыту орталығы» КММ

 оқытушысы Таткенова Гүлмира