Субсидиялау қағидаларына өзгерістер

Субсидиялау қағидаларына өзгерістер

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.08.2020 жылғы № 251 бұйрығымен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау бөлігінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ осы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға белсене қатысады. Бағдарлама шарттарына сәйкес, енді ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері Екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша кепілдендіру құралын 50% - ға дейін ала алады. Бұл ретте, сүт-тауар фермаларын, жылыжайларды ашу, құс етін өндіру, қарқынды бау-бақша шаруашылығы, жарма өндіру, көкөністер мен жемістерді, өсімдік майы мен май өнімдерін өндіру және қайта өңдеу сияқты бизнестің басым бағыттары айқындалды, олар бойынша кәсіпкер кредит қаражаты сомасының 85% - ына дейін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ-ның кепілдігін алу мүмкіндігіне ие болады. Мәселен, 2021 жылғы наурызда "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қостанай филиалы ауыл еңбеккерлері үшін 100 жұмыс орнын қамтамасыз ететін Қостанай облысының Ауыл шаруашылығы құралымдарының біріне бірінші кепілдік берді. Мемлекеттік бағдарлама ескірген ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтар паркін едәуір жаңартуға, сол арқылы кәсіпорынның нарықтағы тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.