Мамандықтар әлемін ашамыз

Мамандықтар әлемін ашамыз

Мамандықтар әлемін ашамыз

      Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кәсіптерді зерделеуге шығармашылық тәсілді жандандыру, оларды одан әрі сәтті таңдау, білім алушылар мен педагогтарды өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығының қоғамдық маңызы бар бірлескен кәсіптік бағдар беру қызметіне тарту мақсатында 2021 жылғы 18 қаңтар-23 ақпанда "Мамандықтар әлемін ашамыз" облыстық сырттай форумы өткізілді.

      Форумға Қостанай облысының 20 өңірінен 8-11 сыныптардың, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 125 оқушысы қатысты. Форум төрт номинация бойынша өтті: презентациялар конкурсы, вайн конкурсы, эссе конкурсы, бейнеблогерлер конкурсы.

     Төрешілер алқасы оқушылардың белсенділігі мен сапалы дайындығын атап өтті. Форум қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды.

"Мұндай мамандық бар" номинациясы (презентация):

2 орын - Черненко Мария, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Федоров ауданы білім бөлімінің балалар шығармашылық үйі" КММ. Қосымша білім беру педагогы-Катешова Айгерим Гафуровна.

Мария байқау жеңімпазы ретінде білім басқармасының грамотасымен марапатталады.

Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

Автор – Батырбаева Назым.