Әлеуметтік қызметтер порталы әрекет етеді.

Әлеуметтік қызметтер порталы әрекет етеді.

Әлеуметтік қызметтер порталы әрекет етеді.

 

 

 

Әлеуметтік қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.

Портал мүгедек адамдарға ыңғайлы болу және көрсетілетін қызметтер мен оңалтудың техникалық құралдарының сапасын арттыру үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес енгізіледі.

Портал 6 процестің 5-ін цифрлауды көздейді (инватакси қызметтерінен басқа), бұл:

1) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

2) оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;

3) ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету;

4) жеке көмекшінің қызметін көрсету;

5) санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін көрсету.

Құны мемлекет кепілдік берген сомадан асатын ОТҚ (техникалық көмекші құралдар) немесе көрсетілетін қызметті таңдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы айырманы өз қаражатынан қосымша төлейді.

Көрсетілетін қызметті алушылар порталды өз бетінше немесе "Азаматтарға арналған үкімет" МК жұмыспен қамту бөлімі қызметкерлерінің және мамандарының көмегімен пайдалана алады»

Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедек адамдардың өнім берушілермен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын Бірыңғай цифрлық алаңға айналды.
Өз кезегінде, олардың нарықта тең мүмкіндіктері бар, бұл бәсекелестікті арттырады. Бұл ретте, мүгедектігі бар адамдар өздерінің жеке қажеттіліктеріне қарай оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдай алады. Порталмен жұмыс істеу үшін мүгедек адамдардың не олардың заңды өкілдерінің электрондық - цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.