Костряков ауылдық округінің әкімі Алексей Дмитриевич Куантаевтың «Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының 2020 жылғы жұмысының қорытындысы туралы» баяндамасынан тезистер

Костряков ауылдық округінің әкімі Алексей Дмитриевич Куантаевтың  «Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының 2020 жылғы жұмысының қорытындысы туралы» баяндамасынан тезистер

Костряков ауылдық округінің аумағында әртүрлі меншік нысанындағы және қызмет түріндегі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар өз қызметін жүзеге асырады:: «Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; «Костряков орта мектебі» КММ; «Сказка» бала бақшасы»; жеңілдетілген өткізу бекетінің 2 пункті: "Грачевка" ҚР - «Каракул» РФ және "Новоукраинка" ҚР – "Каракул" РФ; 21 оқушыға білім беретін екі бастауыш мектеп, ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт) және екі медициналық пункт; ауылдық мәдениет үйі, наубайхана, кулинария, тігін шеберханасы, ҚКС, ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарын қала құрушы кәсіпорын «Гранд» ЖШС жүргізеді, кәсіпорын есебінен «маңызды нысандарға» күрделі жөндеу жүргізіліп, қыс кезеңінде жылу трассасы және сумен қамтамасыз ету, қыстағы жолдар қардан тазартылады, шаруашылық қызметтері көрсетіледі, оқушыларды  апта сайын оқу орнына және үйлеріне тасымалдау жүргізіледі.

          Салық төлемдерінің көрсеткіші: мүлік салығы -54 345 теңге, жер салығы - 100 689, көлік салығы - 2 356 988, 2020 жылдың 12 айында мүлік салығы -100%, жер салығы - 100% , көлік салығы - 2 296 036 теңге  97% құрайды.

         «Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілді, кесте Федоров ауданы әкімінің ресми сайтында және аппарат ғимаратының стендінде орналастырылған. 2020 жылдың есепті кезеңінде барлығы «Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не 42 өтініш түсті (жеке тұлғалар). Оның ішінде қарау нәтижесі бойынша қанағаттандырылғаны – 27, түсіндірілгені-15. Есепті кезеңде өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Өтініштер сұрақтарының сипаттамасы: еңбек және жұмыспен қамтудың жалпы мәселелері; білім беру мәселелері; үй иелігіне құқық белгілеуші құжаттарды қалпына келтіру, заңдылық орындау, сот жүйесі, білім беру мәселелері; ТКШ; жер және жерді пайдалану, нотариалдық қызмет және т. б. 

Костряков ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтің 15 түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V ҚР Заңына 25.06.2020 ж. жағдай бойынша енгізілген өзгерістер және толықтырулармен бірге). Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 07 сәуірдегі № 116 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес, Ереженің 14 т. 14)тт.; әкім аппаратының функцияларынң ережесіне сәйкес көрсетіледі. Есепті кезеңде 40 мемлекеттік қызмет көрсетілді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 8 түсіндіру іс-шаралары жүргізілді, оның ішінде: жиындар-8 (ағымдағы жылдың 1-тоқсанында және 4-тоқсанында), кеңестер-5.

2020 жылғы сәуір-қазан аралығында қоғамдық жұмыстарда 6 адам қосалқы жұмысшы ретінде еңбек етті. Еңбек қызметі кезеңінде қоғамдық жұмыстарда көшелерді қоқыстан және арам шөптен тазарту, ағаштарды әктеу, шөп шабу жүргізілді. Ескерткіштерге жөндеу жұмыстары жүргізілді және абаттандырылды.

Ауыл  шаруашылығын саласындағы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамыту бағдарламасы шеңберінде  Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде округтен 1 адам қатысты, ақшалай заем 1 млн. 200 мың теңгені құрады, қаражат ұсақ мал (ешкі) сатып алуға бағытталды. Казіргі уақытта ЖК «Туреев Г.С.» өз бизнесін табысты дамытуда сүт өнімдерін – сүт, ірімшік, қаймақ сатуды жүзеге асырады. «Еңбек» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша,   қатысқан 2 адамның 1-еуі маникюр қызметтерін көрсету саласындағы бизнесті дамыту үшін өтеусіз негізде грантқа ие болды, ақшалай қаражат мөлшері 555 мың 600 теңгені құрады, округ  тұрғындары арасында тікелей сұранысқа ие «Киссер В.О.» ЖК халыққа сапалы қызмет көрсету үшін барлық қажетті жабдықтарды сатып алды.

2020 жылы «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері» курстарында 8 адам оқыды.

Округ аумағында хореографиялық және музыкалық үйірмелер жұмыс істейді.

2020 жылы округте 11 бала дүниеге келді, бұл өткен жылдан 1 балаға артық. 12 адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 адамға аз.

Округте үш көп балалы отбасы тұрады, осы отбасыларға қажет болған жағдайда көмек және қолдау көрсетіледі «карантин» шектеу іс-шараларын белгілеу кезеңінде үш отбасы үшін азық-түлік жиынтықтары сатып алынды және Баймурзиндер отбасы көмірмен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ округ аумағында Костряков орта мектебі, әкімдік және УПИ тарапынан тұрақты негізде бақылау жүргізілетін халықтың тәуекел тобындағы отбасылар да бар.

Костряков ауылдық округінің ауылшаруашылығы бағытында 1 ЖШС және 22 шаруа қожалықтары бар. 2020 жылы егістік алқап 33 760   гектарды құрады, дәнді дақылдардың орташа өнімділігі әр гектарға 14 центнер, оның ішінде майлы дақылдар әр гектарға 13 центнерді құрады.

         2020 жылдың 1 қаңтардағы санақ қорытындысы бойынша округте 1130 бас ІҚМ бар, оның ішінде сиыр - 562 бас, жылқы – 247 бас, ұсақ мал – 293 бас, шошқа-1386 бас.

2020 жылы округ тұрғындары 72 млн. 820 мың 000 теңге сомасына 662 тонна сүт тапсырды, округтегі сатып алушы «ДЕП» ЖШС және «Новый день» ЖШС болып табылады.

2020 жылы «Гранд» ЖШС тартқан қаражат сомасы 46 млн. 397 мың 000 теңгені құрады.

тартылған және бюджет қаражаты есебінен округті абаттандыру, Костряковка ауылында су мұнарасын жөндеу және қалпына келтіру бойынша жұмыстар; су құбырын жөндеу; зират аумағын абаттандыру және қоқыс жинау; «Курская ОМ» КММ шатырын жөндеу бойынша монтаждау жұмыстары; Костряков ауылында ауыл ішіндегі жолдарды шұңқырларды жөндеу, МПГ (оңайлатылған үлгідегі шекараны кесіп өту орындары) монтаждау және салу, орнату және абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

2020 жылға қаржыландыру жоспары 52 миллион 695 мың 900 теңгені құрады. 01.01.2021 жылға бюджет қаражатын игеру 100 пайызды құрайды.

           2021 жылға арналған мақсаттар мен міндеттер:

- ауылдық округтің елді мекендерінің көшелерін жарықтандыру;

- ауылдық округтің елді мекендерін абаттандыру;

- азаматтарды мемлекеттік бағдарламаларға тарту және олардың белсенді қатысуы.

- ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу;

Костряков ауылдық округі

әкімінің міндетін атқарушы                                                             А. Нуркина