Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтаймын!

Жалпы халық болып атап өтетін ерекше мереке күнтізбеге енуі кездейсоқ емес: бұл күн үлкен жетістіктердің, халық пен мемлекет тарихындағы ауқымды оң өзгерістердің куәсі. Бұл жетістіктер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екені сөзсіз.

Тұңғыш Президенттің басшылығымен Қазақстан бәсекеге қабілетті адами капиталы мен зияткерлік ұлты бар ел болды. Бүгінгі таңда біздің еліміз қоғамдық өмірдің барлық салаларында өзгерістерге қол жеткізген, экономика, ғылым және мәдениеті тұрақты дамып келе жатқан ұлтаралық келісімі бар мемлекетке айналды.

         Біздің елімізде өркендеп келе жатқан өзара түсіністік пен бірлік, келісім мен достық, халқымыздың орасан зор жетістіктері - осының бәрі  Елбасының салиқалы, көреген саясатының нәтижесі. Ұлт Көшбасшысының қоғам игілігіне бағытталған орасан зор еңбегін дұрыс әрі жоғары бағалау-бүгінгі біздің парызымыз.

         Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, әр отбасына ырыс пен береке, егемен еліміздің одан әрі өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!

 

 

Федоров ауданының әкімі                                        Т. Исабаев