Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету

Ветеринария  саласындағы  мемлекеттік  қызмет  көрсету

Экспортқа бағытталған кәсіпорындар туралы ақпарат алу үшін «ҚР АШМ ВБ және ҚК  Федоров  ААИ»   ММ   келесі мемлекеттік қызметтерді ұсынады:

1.«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру».

2.«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру».

3.«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру».

4.«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру».

5.«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру».

          Бір  мезгілде  жүк  жіберуге  ветеринариялық рұқсат және сараптама актісін  алуға өтініш  беріп, уақыт   үнемдеуге  болады. Алдын ала өнімнен сынама алынады, оны физико-химиялық, химия-токсикологиялық, радиологиялық зертеулер, (жемшөпке) микотоксиндерге және (азық өнімге) микробиологиялық зеттеулер өткізеді, осы зерттеулер нәтижесінен ветеринариялық зертхана сынақ хаттамасын береді.

Оның  сыртында   Федоров  аудандық   аумақтық   инспекциясында   мемлекеттік   қызмет   көрсету  туралы ақпараттық    стенд  бар,  онда   мүмкіндігі  шектеулі   жандарға   жағдай   жасалған.

Үшінші елдеріне жүк тасымалдаушыларға   алдын  ала   рұқсат   алуын ескертеміз, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне   жіберуге   рұқсат   керек   емес.

Егер орнын  ауыстыратын   ветеринарлық   бақылауға  жататын  Қазақстаннан   сыртқа  шығатын  обьектілерге   ветеринариялық   сертификат  алу  керек  болса ,   елдің  ішіндегі   жүктерге   ветеринариялық анықтама  арқылы   жөнелтіледі.

Ескертеміз, экспорт, импортқа жүк тасушы тұлғаларда ветеринариялық  сертификат және ветеринариялық анықтама болмаған   жағдайда ҚР  АҚБ   406  бабының 1 тармақшасына сәйкес 20 дан 200 АЕК дейін әкімшілік   жауапкершілікке   тартылады.

Астық  өндірушілердің   есіне,  астықпен  айналысатын   фирмалар, астық  тасымалдаумен, қоймаларда, элеваторларда ауданның айналысатын тұлғалардан    анықтама талап етіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру Қағидаларының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 бұйрығымен бекітілген «Тасымалдауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру Қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық құжаттармен қоса жүреді». Демек, зернофураж, жемшөп, жемшөптік қоспалар элеваторларда, сақтау қоймаларда, АҚК және басқа да ұқсас ұйымдарда дәнді мал азығын, жемшөпті, жемшөп қоспаларын сақтаумен, олардың орналастырумен айналысатын көрсетілген кәсіпорындарда олардың орны ауыстырылған.

Сонымен,сою пунктерге, ет өндейтін кәсіпорындарға дейің малдарды тасымалданған жағдайда, сондай-ақ етті шұжық цехына, зернофуражды, жемшөпті және жемшөп қоспалары тасымалданса, қазақстандық болған жүкті, шығарылған жүкті белгілеуді, иесі ауыстырылғанын дәлелдеу үшін  оларда ветеринариялық анықтама болу қажет.

Осылайша, уақытында   керекті   құжаттарды   (ветеринариялық   анықтама, сынақ хаттамасы, ветеринариялық   рұқсат)   қамтамасыз   етілгенде  өтініш  берген  күні  немесе  екінші, үшінші  күні   ветеринариялық сертификат алуға болады, негізгі белгіленген  мерзім  үш  күннің ішінде.

Жоғарыда барлық тізілген жағдай  - бұл   импорттаушы  елдердің   талабы, бұған Қазақстан жауапты, өйткені отандық  өнімді экспорттайды. Орындамаған   жағдайда  біздің  елге  импортталатын  елдердің   нарығы  жабылып   қалуы   мүмкін .   Жүк   жөнелтуші  біріншіден  сапалы   тауар  экспортау   керек .

Нақты  ақпаратты  «ҚР  АШМ  ВБ ж ҚК Федоров ААИ» ММ, Федоров а.  Пушкин  көшесі №56, тел .2-14-56