Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамадағы өзгерістер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамадағы өзгерістер

Федоров ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы халықты хабардар етеді.

2020 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Өзгерістер сыбайлас жемқорлықтың жүйелі алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған.

Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес («парақорлық») мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, оларға теңестірілген адамдарға, жауапты мемлекеттік лауазымды адамдарға немесе лауазымды адамдарға құқықтық әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін 2 айлық есептік көрсеткіштен астам мөлшерде сыйлықтар тарту қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 676, 678-баптарына сәйкес жоғарыда аталған лауазымды адамдарға жеке немесе заңды тұлғалардың заңсыз сыйлықтары әкімшілік сыбайлас жемқорлық актісі болып табылады.

Осылайша, қолданыстағы заңнама сыбайлас жемқорлық субъектілеріне олардың қызмет жағдайына байланысты қандай да бір бағалы сыйлықтар беруге тыйым салады (2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомадағы сыйлық әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады, 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы сыйлық қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады).

Баяндалғанды негізге ала отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң өздеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйақылар, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді алуға тыйым салады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда және басқа да бірқатар заңдарда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқарып қана қоймай, сонымен қатар жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары тікелей бағынысты бола алмайтындығы көрсетілген.

Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар үшін өздері лауазымға орналасуға үміткер болып отырған ұйымның басшылығына осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабарлау міндеті енгізіледі.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты, азаматтарға, атап айтқанда салық төлеушілерге мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не қызметтер беруге тыйым салынатынын еске саламын. ҚР ӘҚБтК-нің          676-бабына және 678-бабының 1-бөлігіне сәйкес мұндай әрекеттер құқық бұзушылық болып табылады және қылмыстық қылмыс белгілері болмаған жағдайда, жеке тұлғаларға 200 АЕК, заңды тұлғаларға 750 АЕК әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға әкеп соғады.

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді не көрсетілетін қызметтерді қабылдауға тыйым салынатынын кезекті рет еске саламын. ҚР ӘҚБтК-нің 677-бабына сәйкес, егер мұндай әрекеттерде қылмыстық қылмыс белгілері болмаса, 600 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Мемлекеттік қызметші заңсыз алынған сыйлықтарды республикалық бюджетке ақша аудару арқылы жеті күн мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға және өзінің отбасы мүшелері құқыққа сыйымсыз пайдаланған қызметтер құнын өтеуге міндетті.

Өз лауазымдық міндеттерін атқару кезінде Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі фактілері туралы Федоров ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына сенім телефонының 21-9-33 нөмірі бойынша хабарлай аласыз.