«12 ай» қойылымы

«12 ай» қойылымы

Воронеж орта мектебінде «12 ай» атты театрландырылған қойылым өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды насихаттау; тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылығын қалыптастыру; адалдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Қойылымға клуб мүшелері қатысты, көрермендер 2, 4 сынып оқушылары болды.

Іс-шара барысында оқушылар «сыбайлас жемқорлық» дегенді анықтады, сыбайлас жемқорлықтың белгілері мен себептерін анықтады, кейбір сыбайлас жемқорлық жағдайлары мен оларды шешу жолдарын қарастырды.

Қорытындылай келе, қатысушылар өзімізден бастау керек екенін, адал, ашық және белсенді өмірлік ұстанымға ие болу қажет екенін атап өтті