1993 жылғы 12 қарашада ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" Жарлығы шықты, ал 15 қарашада алғаш рет ұлттық ақша белгілері айналымға шығарылды.
1992 жылдың қыркүйегінде Лондонда орналасқан фирма теңгенің жобалық даналарын дайындады. Оларды Мемлекет басшысы мақұлдады және сол жылдың желтоқсанында алғашқы Қазақстандық банкноттардың өндірісі басталды.
Олар өте сапалы және жоғары қорғаныс деңгейіне ие болды.