«Қауіпсіз мектеп автобусы»

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

2020 жылдың 21 қазанында "Костряков ОМ" КММ-інде «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында учаскелік полиция инспекторымен бірге «Мектеп автобусы» рейд өткізілді.

Акцияның мақсаты: оқушыларды оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балаларды мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Акция аясында келесі жұмыстар жүргізілді:

-автокөлікке қойылатын техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру.

-мектепке кірме жолдардың қауіпсіздігін ұйымдастыру.

-балаларды тасымалдайтын көлік құралында (автобуста) арнайы жарық (жарқылдауық маяктарды) және дыбыс сигналдарын тексеру;

-мектепке кіреберіс жолдарға, жаяу жүргіншілер өткелдеріне қолданыстағы бейнебақылау камераларының болуы;

-жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқаулық өткізу.

-оқушылармен ЖҚЕ сақтау бойынша сынып сағаттары және әңгімелер өткізілді