Бірыңғай сәулеттік көрініс беру шеңберінде облыстық бюджеттен Қостанай ауданының Қостанай, Рудный, Арқалық және Тобыл қалаларында 53 КПТҮ қасбеттері мен шатырларына ағымдағы, күрделі жөндеу жүргізуге 2 446,6 млн.теңге бөлінді, бұл 2024 жылы бөлінген бюджеттен 2 есе артық.
Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен Жітіқара қаласында 159,9 млн.теңге сомасына (пәтер иелерінің қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ету шартымен) 4 КПТҮ шатырына күрделі жөндеу жүргізілетін болады.