Заңды тұлғалардың қолма-қол ақшаны алуы жөніндегі талаптарды өзгерту туралы

Заңды тұлғалардың қолма-қол ақшаны алуы жөніндегі талаптарды өзгерту туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалар үшін банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талаптардың өзгергені туралы хабарлайды.

ҚРҰБ Басқармасының шешімімен бүгін бекітілген Қолма-қол ақшаға айналдыруға рұқсат берілген соманың шекті мөлшерін белгілеу туралы қағидалар 2020 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.

Қағида:

·       жеке тұлғаларға;

·       дара кәсіпкерлерге;

·       микрокәсіпкерлік субъектілеріне;

·       ауылшаруашылық азық-түлік өнімін, балық өсіру өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

·    тамақ өнімдерін, сусындарды, фармацевтикалық,  медициналық және ортопедия тауарларын бөлшек сатумен айналысатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

Ұлттық Банк заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуы үшін мына шекті соманы белгілейді:

·       шағын бизнес үшін – күнтізбелік айда 20 млн теңге;

·       орта бизнес үшін – күнтізбелік айда 120 млн теңге;

·       ірі бизнес үшін – күнтізбелік айда 150 млн теңге.

Заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банктерге тиісті негіздемені ұсынған кезде белгіленген лимиттен артық алуға рұқсат беріледі. Өз кезегінде, ЕДБ соманы ұлғайтуға арналған өтінімді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен 3 жұмыс күні ішінде келіседі.