Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша 520 ауыл бар, олардың 174-і немесе 33,5% -ы орталықтандырылған сумен жабдықталған. Ауыл тұрғындары бойынша 354,8 мың адамның 61,7% немесе 219,03 мың адам орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шаралардың бірі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу болып табылады.
Сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасынан 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына біріктірілген. Осы бағдарламаның міндеттерінің бірі халықты сапалы ауыз сумен тиімді қамтамасыз ету болып табылады.
Сондықтан халықтың көп саны бар ауылдарды сумен қамтамасыз етуге ЖСҚ басым тәртіппен әзірленуде.
Сонымен қатар, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген 346 ауылдың 47% – ы – 200 адамға дейінгі халық саны аз ауылдар (барлығы 16,8 мың адам халқы бар 163 ауыл, оның ішінде 100 адамға дейін-85 ауыл, 100-ден 200 адамға дейін-78 ауыл). Саны аз ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, су көздері жоқ жерде ішуге жарамды, аудан әкімдіктері ауыз суды жеткізуді ұйымдастырады. Осы мақсаттарға ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 14 автоцистераны сатып алу үшін 375,7 млн. теңге қаржы бөлінді (Алтынсарин-1 бірл., Әулиекөл - 1 бірл., Б. Майлин ауданы – 1 бірл., Жангелдин – 1 бірл., Қарабалық – 1 бірл., Қарасу – 2 бірл., Меңдіқара – 2 бірл., Сарыкөл – 2 бірл., Ұзынкөл – 2 бірл., Федоров – 1 бірл.).
2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қостанай облысы бойынша 2020 жылы ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге 26 жобаны іске асыруға 6 981,3 млн.теңге (РБ – 5 211,5 млн. теңге, ЖБ – 1769,8 млн. теңге) сомасында қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылы жалпы сметалық құны 11 734,7 млн. теңге болатын 13 жобаны пайдалануға беру жоспарланған, оның шеңберінде:
-10, 5 мың адам тұратын 14 ауыл алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдытауға және суды тазалау және тарату пунктіне қосылатын болады, (орталықтандырылған сумен жабдықтау: Алтынсарин ауданы – 5 ауыл немесе 3,3 мың адам (Докучаевка, Шоқай, Новоалексеевка, Красный Кордон және Сатай), Қарабалық ауданы - 4 ауыл немесе 19 мың адам (Бурли, Рыбкино, Надеждинка және Гурьяновское), Денисов ауданы – Антоновка а. 1047 адам, Б. Майлин ауданы – Валерьяновка а. 529 адам, Федоров ауданы – Пешковка ауылы 2787 адам, суды тазалау және тарату пункттері:Амангелді ауданы – Қабырға ауылы 277 адам. Сарыкөл ауданы-Севастополь а. 608 адам);
- 12,7 мың адам тұратын 3 ауылда сумен жабдықтау жақсартылды (Меңдіқара ауданы – Боровское 10440 адам және Первомайское 1870 адам, Денисов ауданы – Алчановка ауылы 378 адам).
Қалған 13 ауылдық сумен жабдықтау жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылы жалғасатын болады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша ауылдарды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету 33,5% - дан 36,1% - ға дейін (174 ауылдан 188-ге дейін), ауыл тұрғындары бойынша 61,7% - дан 64,7% - ға дейін (219,03-тен 229,5 мың адамға дейін) өседі.
Анықтама:
2020 жылы пайдалануға беруге жататын ауылдық сумен жабдықтаудың 13 жобасының тізімі:
- Сметалық құны 2 355,3 млн.теңге, Меңдіқара ауданы Боровское және Первомайское селоларын сумен жабдықтауды қайта жаңғырту. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Боровское және Первомайское ауылдарында сумен жабдықтау жақсартылады;
- Қостанай облысы Денисов ауданы Антоновка селосын сумен жабдықтауды қайта жаңғырту сметалық құны 1289,58 млн.теңге. Жобаны іске асыру Антоновка селосын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі) және Алчановка селосын сумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік береді;
- Қостанай облысы Федоров ауданы Пешковка селосындағы су құбырының құрылысы сметалық құны 1712,0 млн.теңге. Жобаны іске асыру Пешков а. орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Докучаевка с. су тартқыш және тарату желілерінің құрылысы, сметалық құны 779,3 млн. теңге. Жобаны іске асыру Докучаевка а. орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Шоқай ауылының су тартқыш және тарату желілерінің құрылысы, сметалық құны 615,1 млн. теңге. Жобаны іске асыру Шоқай ауылын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Новоалексеевка ауылының су тартқыш және тарату желілерінің құрылысы, сметалық құны 894,1 млн. теңге. Жобаны іске асыру Новоалексеевка а. орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Красный Кордон , Сатай ауылдарының су тартқыш және тарату желілерінің құрылысы, сметалық құны 1 250,6 млн. теңге. Жобаны іске асыру Красный Кордон а., Сатай а. орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Қарабалық ауданы Надеждинка селосында су тарату желілерінің құрылысы, сметалық құны 766,4 млн. теңге. Жобаны іске асыру Надеждинка а. орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта тасымалданатын су);
- Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылында су тарату желілерінің құрылысы, сметалық құны 921,6 млн. теңге. Жобаны іске асыру Бөрлі және Рыбкино селоларын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);;
- Қостанай облысы Қарабалық ауданы Гурьяновка селосында су тарату желілерінің құрылысы, сметалық құны 588,9 млн. теңге. Жобаны іске асыру Гурьянов селосын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы, Таран ауданы Валерьяновка ауылының сумен жабдықтау және тарату желілерінің құрылысы , сметалық құны 506,9 млн. теңге. Жобаны іске асыру Валерьяновка селосын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі));;
- Қостанай облысы Амангелді ауданының Қабырға ауылын сумен жабдықтау, сметалық құны 99,6 млн.теңге. Жобаны іске асыру қабырға ауылындағы суды тарату және тазарту пунктінен сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Севастополь селосын сумен жабдықтау, сметалық құны 165,6 млн.теңге. Жобаны іске асыру Севастополь с.суды тарату және тазарту пунктінен сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі).
СМЖ 2021 жылы жалғасатын ауылдық сумен жабдықтаудың 13 жобасының тізімі:
- Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылында су құбырының құрылысы сметалық құны 2931,35 млн. теңге, іске асыру жылдары 2019-2021 жж.;Жобаны іске асыру Аманқарағай селосын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ершовка ауылында су құбыры және тарату желілерінің құрылысы, сметалық құны 1 487,5 млн. теңге, іске асыру жылдары 2019-2021 жж.; Жобаны іске асыру Ершовка а. орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Денисов ауданының Фрунзен және Красноармейское селоларын сумен жабдықтаудың тарату желілері мен құрылыстарын салу, сметалық құны 1026,4 млн. теңге, іске асыру жылдары 2019-2021 жж.; Жобаны іске асыру Фрунзенское селосын сумен жабдықтауды жақсартуға және Красноармейское селосын орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу және Восток ауылдарының су құбыры желілерін қайта жаңарту, сметалық құны 2276,8 млн. теңге, іске асыру жылдары 2019-2022 жж.; Жобаны іске асыру Қарасу ауылын сумен жабдықтауды жақсартуға және Восток ауылын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта тасымалданатын су);
- Жітіқара ауданы Приречное ауылының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту сметалық құны 513,6 млн. теңге, іске асыру жылдары 2020-2021 жж.Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Приречное ауылында сумен жабдықтау жақсартылады;
- Федоров ауданының Банновка селосы мен Чеховка селосында сумен жабдықтаудың тарату желілерін және құрылыстарын салу, сметалық құны 1 852,9 млн. теңге, іске асыру жылдары 2019-2022 жж.;Жобаны іске асыру Банновка селосы мен Чеховка селосында с. орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Науырзым ауданы Раздольное селосындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерін және құрылыстарын салу, сметалық құны 381,9 млн. теңге, іске асыру жылдары 2020-2022 жж.; Жобаны іске асыру Раздольное а. орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежинка ауылында су құбыры құрылыстары мен желілерінің құрылысы, сметалық құны 937,8 млн. теңге, іске асыру жылдары 2020-2022 жж.; Жобаны іске асыру Новонежинка а. орталықтандырылған сумен жабдықтауға мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждинка ауылын сумен жабдықтау, сметалық құны 684,8 млн. теңге, іске асыру жылдары 2020-2021 жж.; Жобаны іске асыру Надеждинка а.орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Федоров ауданының Успенов селосын, Придорожное селосын сумен жабдықтаудың тарату желілерін және құрылыстарын салу, сметалық құны 1013,5 млн. теңге, іске асыру жылдары 2020-2022 жж.; Жобаны іске асыру Придорожное а. орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қатамасыз етуге мүмкіндік береді(қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Федоров ауданының "Кенерал" селоларын сумен қамтамасыз ету имараттарының және тарату желілерінің құрылысы, сметалық құны 715,3 млн. теңге, іске асыру жылдары 2020-2022 жж.; Жобаны іске асыру Кеңерал селосын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі).);
- Қостанай облысы Жангелдин ауданының 2 ауылын сумен жабдықтау құрылысы, сметалық құны 226,4 млн. теңге, іске асыру жылдары 2020-2021 жж.; Жобаны іске асыру Сарысу және Қаламқарасу ауылдарының суды тарату және тазарту пунктінен сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі);
- Қостанай облысы Федоров ауданының 6 ауылын сумен жабдықтау, сметалық құны 462,5 млн.теңге, іске асыру жылдары 2020-2021 жж. Жобаны іске асыру Кравцово а, Чистый Чанчак а, Цабелевка а, Александрополь а, Қаракопа а, Камышный Чандак а, суды тарату пунктері мен тазарту пунктерінен сапалы суме жабдықтаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді(қазіргі уақытта орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі);
Бұдан басқа, «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы ауылдық сумен жабдықтау бойынша 9 жобаны іске асыру жоспарланған, оларды іске асыруға республикалық бюджеттен 2 657,3 млн.теңге бөлінді, оларды іске асыру кезінде 9,7 мың адам халқы бар 12 ауылды сумен жабдықтау жақсартылады (Жангелдин ауданы – Көлқамыс, Ақкөл және Қарасу ауылы, Меңдіқара ауданы – Харьковское ауылы, Жітіқара ауданы – Пригородный және Тургеновка ауылы, Қарасу ауданы – Октябрьское және Железнодорожное, Сарыкөл ауданы -Сорочинка, Ленинское, Қоскөл және Большие Дубравы). Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жобаларды іске асыруға 332 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Анықтама: 2020 жылы пайдалануға беруге жататын ауылдық сумен жабдықтаудың 9 жобасының тізімі:
- Жангелдин ауданы Көлқамыс ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту, сметалық құны 121,1 млн. теңге;
- Меңдіқара ауданы Харьковское с. 2-ші көтергіш сорғы станциясын қайта жаңарту (темірсіздендіру және деманганация станциясын орнату), сметалық құны 89,6 млн. теңге;
- Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қарасу ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту, сметалық құны 337,7 млн. теңге;
- Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту, сметалық құны 392 млн. теңге;
- Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосумен Пригородный селосының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту, сметалық құны 638,4 млн. теңге;
- Қарасу ауданы Октябрьское ауылындағы су құбырының тарату желілерін қайта жаңарту, сметалық құны 465 млн. теңге;
- Қарасу ауданы Железнодорожное ауылындағы су құбырының тарату желілерін қайта жаңарту, сметалық құны 305,2 млн. теңге;
- Сарыкөл ауданы, Сорочинка с. Лихачев топтық су құбырына қосылған су құбырының тарату желісін қайта жаңарту, сметалық құны 368,1 млн. теңге;
- Сарыкөл ауданы Ленинское, Қоскөл, Большие Дубравы а.бөлу учаскелерінде ағымдағы жөндеу, сметалық құны 35 млн. теңге.