Тікелей келіссөздер арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

Тікелей келіссөздер арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

«Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 44-бабының 1) тармағына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725   (бұдан әрі-Қағидалар) 133-тармағына сәйкес тікелей келіссөздер арқылы «Қостанай қаласында көше жарығын жаңғырту» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына (бұдан әрі-жоба) бастамашылық жасау туралы хабарлайды.

Жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:

МЖӘ жобасын іске асырудың болжамды мерзімі: 6 жыл.

Жобаның нәтижесі 6250 дана шамдарды отандық өндірістің жарықдиодты шамдарына ауыстыра отырып, көше жарығын жаңғырту болып табылады.

Келіп түскен өтінім шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге нақты қажеттілік.

Қолданыстағы шамдарды қуаты 114 Вт – тан аспайтын 6250 бірлік мөлшеріндегі энергия тиімді жарықдиодты шамдарға ауыстыру, жарық ағыны 15000 Лм – ден кем емес, IP 65 қорғау дәрежесі, шашырау бұрышы 155 градустан кем емес, жұмыс температурасының диапазоны -40+60 градус, шамның корпусы жоғары жылу беретін анодталған алюминий, түс беру индексі 70 Ra, қуат беру блоктарына кепілдік – кемінде 7 жыл, драйвердің қуат беру блогының қызмет ету мерзімі-кемінде 10 жыл, жарық ағынының тозу деңгейі бастапқы мәндерден жылына 3% - дан, бекіту түрі-консоль, арматура корпусы – жоғары жылу беру анодталған алюминий, шамдағы әр жарық диодының қуаты – 1 Вт-тан кем емес, жарық диодтарының тиімділігі 150 Лм/Вт-тан кем емес, 84 айлық өнімге кепілдік, шамдар корпусында металл элементтердің болмауы, шамның оптикалық жүйесі қорғаныс әйнегін қамтымауы керек, 0-10V протоколы бойынша диммирлеу функциясы, 4800-5200к корреляцияланған түс температурасы, қуат коэффициенті > 0,95 толық жүктеме кезінде, сымдар мен штепсельдік коннектор (plug&play) алдын-ала шамдарға орнатылуы керек, шамның корпусын IK10 механикалық әсерінен қорғау дәрежесі соққыға қарсы).

Жекеше әріптес МЖӘ объектісін құру және пайдалану кезінде ерекше құқықтары жеке әріптеске тиесілі жарықдиодты шамдарды енгізуге және пайдалануға тиіс.

Әлеуетті жекеше әріптес жабдықтың СТ КЗ 3055-2017 «Жарық диодты жарық көздері бар жарықтандыру аспаптары. Жалпы техникалық шарттар», ГОСТ 12.3.032-84*(СТ СЭВ 4032-83) «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Электромонтаждау жұмыстары. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары», СТ КЗ сертификатын (отандық өндіруші), сериялық өндіріске СТ КЗ сертификатын, шамдар мен жарықдиодты шамдарға арналған фотометрия хаттамаларын ұсыну.

Бюджеттен сұратылатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 3), 4) тармақшаларына және              5) тармақшаларына сәйкес.

Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей тиесілігі– жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылмайды.

Әлеуетті жекеше әріптес Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге сәйкес баламалы ұсынысты ұсынады.

Баламалы ұсыныс «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V ҚР Заңының және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Өзге әлеуетті жекеше әріптестер ұсынатын баламалы жарықдиодты шамдар өздерінің техникалық сипаттамалары бойынша осы хабарламада көрсетілгенге тең немесе одан жоғары болуы тиіс.

Әлеуетті жекеше әріптестердің оны іске асыруға мүдделілік туралы балама ұсыныстар беруіне қойылатын талаптар:

Баламалы өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі-Қағидалардың 136-тармағының шарттарына сәйкес осы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде.

Баламалы ұсыныстарды беру мекенжайы:

МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі болған жағдайда, хабарлама тілінде тиісті құжаттарды қағаз және электрондық тасығыштарда қолма-қол немесе тапсырысты пошта жөнелтілімімен мекенжайы бойынша ұсыну қажет:

110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85, «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Анықтама үшін телефон: +7 (7142) 53-20-90

E-mail: energy@kostanay.gov.kz.