Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу рәсімі

Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу рәсімі

Қазақстан Республикасында электрменжабдықтау жүйесіне қосылған кезде қазақстандық бизнес үшін жағдайды жақсартатын маңызды реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген электрэнергиясын пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру мерзімдері қысқартылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсаталу қажеттілігі алынып тасталды. Енді жобалаушыға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталғаны туралы электрондық нысанда хабарлама жіберу жеткілікті. Бұдан басқа, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органнан электр желілеріне қосылуға рұқсаталу қажеттілігі алынып тасталды.

Осыған байланысты, «ҚазақстанРеспубликасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі – Департамент) құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу шеңберінде электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу тәртібін түсіндіреді.

Қазақстан Республикасының аумағында энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың электрэнергиясын пайдалану тәртібі жоғарыда көрсетілген қағидалармен айқындалады.

Электр желісіне қолжеткізу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда, әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.

Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қосылуға арналған техникалық шарттарды энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым мынадай жағдайларда береді:

* жаңадан енгізілген  немесе қайта жаңартылған электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне қосу;

*тұтынылатын электр қуатын бұрын берілген техникалық шарттарда көрсетілген қуаттан ұлғайту;

* сыртқы электрмен жабдықтау схемасының өзгеруі;

*тұтынушының электр энергиясын қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санатының өзгеруі.

Электр желілеріне қосуға  арналған техникалық шарттар тұтынушыға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде беріледі.

Қағидалардың 13-тармағына сәйкес: "энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін электржелілерінің теңгерімдік тиесілігін шектеу және тұтынушыны қосу схемасымен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің жасалған және қол қойылған актісімен бірге 5 (бес) жұмыс күні ішінде жаңадан енгізілетін немесе реконструкцияланатын электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.

Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезеңінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосудың техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.

Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

Қағидалардың 17-тармағында тұтынушыны энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосуға арналған техникалық шарттардың мәтінінде қамтылған талаптар көрсетілген.

Сонымен бірге, электр желісіне қосылуға өтінім берген тұтынушыларға Қағидалардың 17-тармағында көрсетілгендерден басқа қосымша талаптар қою заңсыз.

Сондай – ақ тұтынушылар (жеке тұлғалар) үшін энергия беруші ұйымға жүгінген кезде, оның қажеттілігі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) (сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметіне жататын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындау кезінде инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, жобалау, реконструкциялау) талаптарына негізделген жағдайларды қоспағанда, электр қондырғыларына арналған жобалық құжаттама талап етілмейді.

Осыған байланысты, жобалау құжаттамасы болмаған кезде, егер оның міндетті түрде болуы заңда көзделмеген болса, тұтынушыға (жеке тұлғаға) кернеу беруден бас тарту заңсыз болып табылады.

Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізсіздігі туралы энергетикалық сараптама қорытындысының негізінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық шарттарды алуға қайта өтінім береді.

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін өзінің электр желілеріне электр  қондырғыларын қосады.

Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға беру кезінде энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымның кернеу беруі Қағидалардың 21-тармағына сәйкес және мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым:

-хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін қарауды жүргізеді;

-хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беруді, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалауды жүргізеді, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді;

-электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісі берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде  тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға осы Қағидалардың 4 немесе 4-1-тармақтарында көрсетілген құжаттарды жібереді.

Құжаттарды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым дайындайды. Осы Қағидаларда  көрсетілмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылыс-монтаждау жұмыстары мен сынақтарын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялары бар ұйымдар орындайды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 172-бабының 6-тармағында энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергия мен жабдықтаудың  жеке шартын жасасудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өтеміз.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің  Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

тел: 8 (714) 2-50-02-60