Мүлік иелерін біріктіру бойынша

Мүлік иелерін біріктіру бойынша

ПИК алдындағы МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) немесе ЖС (жай серіктестік) артықшылығы шығыстардың ашықтығынан, үй тұрғындарының кондоминиумның ортақ мүлкін басқаруға неғұрлым белсенді қатысуынан, жергілікті бюджет қаражаты есебінен үйге техникалық тексеру жүргізуден, бос тұрғын емес үй-жайларды, жертөлені, жарнаманы және т. б. жалға беруден кіріс алу мүмкіндігінен тұрады.

Бүгінгі күні облыста 23 МИБ тіркелген (Қостанай қаласында-9 бірлік және Жітіқара ауданында-14 бірлік.)

МИБ пен ЖС-ны тіркеу үшін төмендегі нұсқауларды қолдануға болады.