Қостанай облысында жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел электр станциясы техникалық іске қосылды

Қостанай облысында жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел электр станциясы техникалық іске қосылды

Ағымдағы жылдың маусым айында Қостанай облысында қуаттылығы 50 МВт «Mars Wind» ЖШС және қуаттылығы 50 МВт «Jupiter Wind» ЖШС екі жел электр станциясының техникалық іске қосылуы өтті.

Нысандардың жалпы белгіленген қуаты-100 МВт.

Жоспарланып отырған жылдық электр энергиясын өндіру - 380 млн.кВт·сағ. жобаны іске асыру электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайтуға, өңірді энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға және «жасыл энергетиканы» дамыту жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жоба өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және қоршаған ортаға әсерді азайтуға ықпал етеді.

Бүгінгі күні жел электр станцияларын белгіленген тәртіппен өнеркәсіптік пайдалануға кейіннен енгізу үшін қажетті жабдықтарды іске қосу-баптау жұмыстары және кешенді сынақтар сәтті жүргізілді.

 

Жел электр станцияларының техникалық сипаттамалары:

 

Инвестиция сомасы

35,8 млрд. теңге

 

Құрылыс кезеңіндегі жұмыс орындары

150 адам

 

Жел қондырғыларының саны

16 дана