«Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау
ХАТТАМАСЫ
|
Қостанай қ. |
|
2026 жылғы 9 маусым сағат 10.00 |
Төрағалық етуші: "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ басшысының орынбасары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің қызметін ішкі талдау жөніндегі жұмыс тобының басшысы - А. Д. Бисембаев.
Хатшы: бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бөлімінің бас маманы - МурзагалиеваА.Б.
Қатысқандар:
Күн тәртібі:
СЖТІТ нәтижелерін талқылау
Тыңдағандар:
"Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ қызметінде 2025 жылғы 2 маусымнан 2026 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде СЖТІТ өткізілді.
ТБН № 4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес СЖТІТ нәтижелерін жария талқылауды жүргізу қажет.
Осыған байланысты СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау жүргізілуде.
ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының
8-бабының 5-тармағына сәйкес "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы"ММ қызметінде СЖТІТ өткізілді.
СЖТІТ келесі негізде жүргізілді:
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 30.12.2022 жылғы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар).
СЖТІТ келесі қағидатқа байланысты жүргізіледі:
1) объективтілік;
2) сенімділік;
3) ашықтық;
4) жан-жақтылық.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған болуға тиіс.
"Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша 3 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.
Шешті:
СЖТІТ жүргізу кезінде процедуралық бұзушылықтар анықталған жоқ. Анықтамада көрсетілген ақпарат жұмысқа қабылдансын. Мекеме сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және азайту жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
Осы орайда "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ қызметіндегі СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау аяқталды.
Жұмыс тобының басшысы А. Бисембаев
Хатшы А. Мурзагалиева