2026 жылғы 2 маусымнан 19 маусымға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ – нің 2025 жылғы маусым-2026 жылғы мамыр кезеңіндегі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілсін:
1) Мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау жүргізіледі, оның күні мен уақыты туралы қосымша хабарлаймыз.