Қыркүйек айында 3 нысан пайдалануға берілді: «Алтынсарин ауданының Свердловка, Зуевка, Танабаевское ауылдарында сумен жабдықтау жүйесін салу», «Қостанай ауданының Константиновка ауылында сумен жабдықтау құрылысын салу», «Федоров ауданының Новошумное ауылында су құбырын салу».
Жобаларды іске асыру нәтижесінде 5 ауыл (Свердловка, Зуевка, Танабаевское, Константиновка, Новошумное) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді.