Алтынсар ауданы бойынша – сумен жабдықтау бойынша 2 жоба іске асырылуда:
- «Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка, Зуевка, Танабай селоларында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы»
- «Қостанай облысы Алтынсарин ауданы И.Омаров атындағы ауылдың таратқыш су желілерін қайта құру».
Осы жобаларды аяқтауға 2025 жылы 539,9 млн.теңге бөлінді
(ҰҚ – 346,5 млн., ЖБ – 193,4 млн.).
Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде ағымдағы жылы 3 ауыл — Свердловка, Зуевка, Танабай ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықтауға алғаш рет қосылады, жалпы халық саны 1 578 адам, сондай-ақ 314 тұрғыны бар И.Омаров атындағы ауылда сумен жабдықтаудың тозған тарату желілерін ауыстыру жұмыстары аяқталады