"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысында экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылуда

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысында экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылуда

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысында экологиялық жағдайды жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылуда.

 Осындай жобалардың бірі Қамысты ауданы Қамысты ауылындағы "Атамекен" саябағын абаттандыру болып табылады. Бүгінгі таңда жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда. Биыл бұл мақсаттарға ОБ-дан 50,0 млн. теңге бөлінді, Қазақстан Картасы мен негізгі көрікті жерлері бар шағын сәулет нысандары, "I love Қамысты" арт-нысаны, сахна, Балалар және спорт алаңдары, сауда павильондары, беседкалар, орындықтар мен урналар орнатылды. Көше жарығы бойынша жұмыстар толығымен аяқталды-шамдары бар 24 тірек орнатылды, 1,7 км жерасты электр беру желілері салынды. 250 қарағай мен 75 пирамида терек көшеттері отырғызылды, суару жүйесі ұйымдастырылды.