Қостанай облысында дәстүрлі энергия көздерінен басқа жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалар табысты іске асырылуда.
Қарасу ауданында 2015 жылы органикалық қалдықтарды өңдеуден электр энергиясын өндіретін биогаз қондырғысы салынды, қондырғының жалпы қуаты 0,3 МВт.
2022 жылы "Ыбырай" жел электр станциясы салынды, 16 қондырғы Қостанай ауданында жалпы қуаты 50 МВт электр қуатын өндіреді.
2023 жылы Арқалық қаласында жалпы қуаты 48 МВт болатын 10 турбинадан тұратын жел электр станциясы салынды.
Қостанай облысында электр энергиясын өндірудің баламалы көздерін дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.