Ағымдағы жылдың 31 мамырында экологтар күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ "Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"ММ, "Қостанай облысы бойынша экология департаменті" РММ экоактивистер, еріктілер және халық "Таза қала" және "мөлдір бұлақ" акцияларын өткізді (жағалау аймақтары мен жағалауларын жинау). Іс-шара қорытындысы бойынша 8200 адам қатысып,850 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.