2025 жылғы 17 сәуірде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Ж. Каратаева «ERG-Service» ЖШС ЖММИ филиалының Жөндеу-механикалық металл илемдеу зауытында көшпелі кеңес өткізді.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізгі талаптары айтылып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелері талқыланды. Кеңеске кәсіпорынның 100-ден астам қызметкері қатысты.