
Отырыс барысында қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимылға қатысты негізгі мәселелер, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны төмендету жөніндегі кешенді шаралар қаралды. Комиссияда көтерілген басты мәселелердің бірі азаматтарды тез пайда табуға уәде беріп, аймақта белсенді жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының өсіп келе жатқан қаупін талқылау болды.
Комиссия осындай схемалармен байланысты тәуекелдер туралы азаматтардың қаржылық сауаттылығын және хабардар болуын арттыруға бағытталған халық арасында профилактикалық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.